Главная
Новости
01.03.2024 «Ар түзейтін бір ғылым» Шәкәрімнің рухани мұраларына арналған ар-ұждан сабағы
2024 жылдың 29 ақпанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің қолдауымен, қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гулбахираның жетекшілігімен «Мейірім» клубының рухани-адамгершілік бағыты бойынша ерікті-студенттер Эргешева Алсу, Зиябек Таңшолпан, Мұқан Жәмила, Ибадуллаева Дильнура, Жолдыбек Гүлшат, Құдус Надия, Неспай Айда ұлы қазақ ақыны және ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларына арналған «Ар түзейтін бір ғылым» тақырыбында ар-ұждан сабағын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - Шәкәрім.Құдайбердіұлының ақиқатка жетуге бағытталған философиялық трактат-еңбектеріндегі «Ар-ұждан» ұғымы туралы студент жастардың түсініктерін кеңейту. Шара аясында қолданылған жүректі және сананы тазарту практикасы, жастардың «ар-ұждан дауысын» есту дағдысын дамытуға бағытталған басты міндеттерді жүзеге асырды.
Ар-ұждан сабағында Шәкәрімнің «Ар түзейтін бір ғылым табылмаса, зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес», деген түйінді идеялары пікірталас үшін басты тетік болды. Студент жастар Шәкәрімнің "Үш анық" философиялық трактаты бойынша үзінділер оқу кезінде, бұл даналық ойдың өзекті мағынасын терең ұғынды.
Соңында іс-шараға қатысушылар «Әріптерге байланысты сөз айту» ойыны арқылы ар-ұждан іліміне қатысты сөздік қорларын жинақтап бір-бірімен бөлісті.
«Мейірім» еріктілер клубы |