қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
12.01.2021

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2020/2021 оқу жылындағы көктемгі семестрді ұйымдастыру туралы ақпарат

 

Бакалавриаттың барлық курстары үшін 2020/2021 оқу жылының Академиялық күнтізбесіне сәйкес көктемгі семестр сабақтары онлайн форматта басталады. Тек қана 1 курс студенттері үшін 2020/2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқудың барлық бағыттары бойынша аралас оқыту форматында оқу процесі ұйымдастырылады (дәріс және семинарлар - қашықтан, санитарлық шараларды және 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтарды - аралас форматта). Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда 1 курс студенттері өтініш негізінде қашықтан оқуды жалғастыруға құқылы.

 

1 курс студенттері көрсетілген график бойынша офлайн жүйесінде (университетте) оқиды:

01.02.2021 ж. - Математика, физика және информатика институтының 1 курс студенттері үшін; Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенттері үшін;

08.02.2021 ж. - Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенттері үшін;

Басқа институттар: Педагогика және психология институты, Филология және көптілді білім беру институты, «Сорбонна-Қазақстан» институты, Тарих және құқық институтының студенттері онлайн форматта оқиды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде ағымдағы жылдың наурыз айында оқуға шақырамыз.

 

2 және 3 курс студенттері әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, келесі білім салалары бойынша аралас форматта (модульдік жүйеде) оқиды:

- Педагогика ғылымдары («Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»);

- Өнер;

- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;

 

4 курс студенттері үшін университеттің Академиялық саясатына және Академиялық күнтізбесіне сәйкес (дипломалды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу) даярлау бағыттарына байланысты оқу аралас форматта ұйымдастырылады.

 

Магистраттар мен докторанттар үшін: Университеттің академиялық саясатының және академиялық күнтізбесінің негізінде магистранттар мен докторанттардың теориялық оқуын қашықтан және (қажет болған жағдайда) аралас оқыту форматтарында (модульдік жүйеде) жалғастырады және ҒЗЖ орындау, олардың жеке жоспарларына сәйкес қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін жағдай жасау қамтамасыз етіледі.

 

Шетелдік студенттер, сондай-ақ дайындық курстарында оқитындар қашықтан оқыту форматында оқуды жалғастырады.

 

Шетелдік академиялық оралымдылықты және тағылымдама шектеледі.

 

 

1 Поток

1 курс студенттеріне арналған оффлайн-сабақтарды ұйымдастыру туралы ақпарат


2 Поток

1 курс студенттеріне арналған оффлайн-сабақтарды ұйымдастыру туралы ақпарат