Главная
Новости
01.04.2024 «Oi-like2» танымдық викторинасы
Бірінші кезеңде студенттер өте қызықты сұрақтарға жылдам жауап берулері керек болды. Екінші кезеңде қатысушылар «География», «Ең ең», «Абай», «Тіршілік», «Спорт», «Кино» тақырыптары бойынша ұяшықтарды таңдап, тақырыптық сұрақтарға жауап берді. Үшінші «Qupia» жұмбақ жәшік кезеңінде логикалық ойлау мен ұтқырлықты қажет етті, командалар берілген мәтінді оқи отырып, құпия жәшікте жасырылған затты табуы керек.
Викторинаның үш кезеңінің нәтижесінде Тарих және құқық институты «Ұшқыр ой» номинациясымен марапатталса, Филология институты үшінші орынды, Педагогика және психология институты екінші орынды иеленді. Математика, физика және информатика институтының командасы жеңімпаз атанды.
|