Главная
Новости
08.04.2024 DeGruyter баспа үйінің өкілдерімен ақпараттық вебинар 2024 жылдың 4 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Профессор оқытушылар құрамы және докторанттардың жарияланымдары үшін Degruyter баспа үйінің Sciendo баспа платформасының мүмкіндіктері» атты ақпараттық вебинар өткізілді.
Спикер Влад Вернигора (Eurasian Association of Scientific Journals Ltd негізін қалаушы, Таллин техникалық университетінің жобалық менеджері, Эстония) заманауи баспа үйлерінің интернационализациясы мен қызметінің негізгі стратегиялары, авторлардың жариялау белсенділігін дамытудың шетелдік тәжірибесі, олардың танымалдығы мен дәйексөзін арттыру туралы айтып, қатысушыларды Sciendo баспа платформасының мүмкіндіктерімен таныстырды.
Вебинарға ҚР ҒжЖБМ ҒЖБССҚК тізіміне енген ғылыми журналдардың редакторлары және қызметкерлері, ҚР ЖОО әкімшілігі, ПОҚ және білім алушылар қатысты.
Аудитория вебинар тақырыбына үлкен қызығушылық танытты, академиялық зерттеулердің сапасын бағалауға DeGruyter баспасы және Sciendo баспа платформасының ғылыми басылымдарында жариялау мүмкіндігіне қатысты көптеген сұрақтар түсті. Вебинар қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, ғылыми журналдардың редакторлары мен баспагерлердің одан әрі ынтымақтастығының бастапқы алаңына айналды.
|