қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.04.2024

Қылқалам шеберімен кездесті

 

Белгілі қылқалам шебері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының көркемдік білім кафедрасының доценті Нұрлан Қылыбаевтың шығармашылығымен таныстыру мақсатында кездесу өтті. Іс-шараға 4-курс студенттері мен көркемдік білім беру кафедрасының оқытушылары қатысты. Бітіруші курс студенттері «Бесік жыры», «Бопай», «Саяхатшы» картиналарының және суретшінің басқа да туындыларының композициялық шешімдерін, жарық пен көлеңке үйлесімін, жылы мен суық реңдердің үйлесімділігін көріп, өздерінің дипломдық жұмыстарын жазуға  көптеген мағлұматтар және шығармашылық шабыт алып қайтты. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған түрлі сауалдарға тұшымды жауап, әдемі әсер алып хас шебермен сұхбаттасудың өзі бір мәртебе деп тарқасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=