қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.04.2024

Абай университеті су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласына гуманитарлық көмек жіберді


2024 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы, Құлсары қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жолдады.


Университет басшылығының бастамасымен 4-5 сәуір күндері оқу орнында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге университет оқытушылары, барлық институт студенттері мен кәсіподақ ұйымы атсалысып, қайырымдылық шарасын қолдады.


Нәтижесінде қайырымдылық жәрмеңкесінде жиналған қаражатқа тұрмыстық керек-жарақтар, азық-түлік, жеке күтім құралдары, төсек-орын жабдықтары және басқа да қажетті заттар сатып алынды. Барлық заттар Алматы қаласы, Алмалы ауданының коммуналдық орталығында ашылған қалалық гуманитарлық көмек қабылдау пунктіне жеткізілді, ол су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысындағы Құлсары қаласына жөнелтеді.


Ел басына күн туған осындай қиын шақта бір-бірімізге көмек қолын созып, қолдау көрсету - азаматтық парызымыз. Су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға көмектесу мақсатында университетіміздің атқарып отырған мұндай қайырымдылық шарасы ізгілік ниетінен туындап отырғандығын айта кетуіміз керек. Осындай қиын сәтте күш біріктіріп, қиындықтарды бірге жеңу - аса маңызды!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент