қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.04.2024

«Аяла» эко-клубы ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесіп интерактивті оқу тренингтерін өткізді


2024 жылдың 8 сәуірінде Ғылым онкүндігіне орай Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында «Аяла» эко-клубы ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесіп интерактивті оқу тренингтерін өткізді. Тренингті эко-клуб жетекшісі Бакирова К.Ш. және доцент Тілекова Ж.Т. ашты.


Клубтың экоактивистері Алтынбекова А. мен Жұмағали Н. «3R тұжырымдамасы» және «Климаттың өзгеруі» тақырыптарында презентациялар жасады. Студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап, интерактивті ойындарға белсенді қатысты. Ойын соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. ТДМ 12 - жауапты тұтыну және өндіріс, ТДМ 13 - климаттың өзгеруіне қарсы күрес - студенттердің түсінігін тереңдете түсті. Ал, интерактивті ойындар олардың алған білімдерін нығайтты. Тренингті өткізу - сыни және креативті ойлаудың көмегімен әр түрлі экологиялық жағдайлардан балама шығу жолдары бойынша алдарына қойылған міндеттерді шеше алатын ең белсенді студенттерді анықтады.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты мен нәтижесі ТДМ мәнін толық түсінуді және қазіргі әлемнің күрделі мәселелерін тез шеше білуді қалыптастыру болып табылады. Сабаққа география және экология кафедрасының ПОҚ қатысты: Увалиев Т.О., Баранкулова Д.М., Саванчиева А., Аманбай Б. және т. б.

 

  alt=  

 

  alt=