Главная /
СМИ о нас
10.04.2024 Абай университеті ұжымы Құлсары қаласына гуманитарлық көмек жіберді
2024 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының Құлсары қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жолдады.
Нәтижесінде қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаржыға гуманитарлық көмек ретінде тұрмыстық керек-жарақтар, азық-түлік өнімдері, жеке гигиеналық құралдар мен төсек жабдықтары және өзге де қажетті заттар сатып алынды. Барлық жиналған заттар мен азықтарды Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қалалық гуманитарлық көмек қабылдау пунктіне жеткізілді. Аталған көмек көрсету пункті жиналған гуманитарлық көмекті су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысындағы Құлсары қаласына жөнелтеді.
Ел басына күн туған осындай қиын-қыстау кезеңде бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсету - азаматтық парызымыз. Су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға көмектесу мақсатында Абай университеті ұйымдастырған қайырымдылық шарасы ізгілік ниетінен туындап отырғандығын айта кету керек. Осындай қиын сәтте күш біріктіріп, қиындықтарды бірге жеңу аса маңызды!
10.04.2024ж. Ақпарат көзі: qazaqadebieti.kz
|