қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.04.2024

«Айтылған тарих» инновациялық ғылыми-зерттеу бағыты бойынша мастер-класс

 

2024 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігі аясында «AbaiLabs» ғылыми-инновациялық паркінің құрамындағы «Айтылған тарих» ғылыми зертханасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор З.Мырзатаева Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның 10 «Г» сынып оқушыларына Г.Рахманқұлованың жетекшілігімен шеберлік сабағын өткізді. Мастер-класта тарих сабағын тек сыныпта емес, оқиға куәгерлерінің айтуымен, яғни өмірмен тығыз байланыста оқытуды көздейтін жанды тарих әдістері сөз етілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат - жасөспірімдердің ғылымға құштарлығын ояту, отан тарихын тануда жаңа технологияны үйрету және дағдыларға бейімдеу. «Айтылған тарих» тақырыбы оқушыларды қызықтырды, олар бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытты.

 

  alt=  

 

  alt=