қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
03.02.2021

«Ашық есік күні» акциясы дефектолог - педагог мамандығы туралы баяндайды

 

2021 жылдың 23 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімі «Талапкер-2021» жобасы аясында «Ашық есік күні» акциясын өткізеді.

 

Онлайн режимінде өтетін іс-шараның мақсаты - «6B01901 Арнайы педагогика (Дефектология)» білім беру бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі ақпарат беру. Арнайы педагогика (дефектология) негіздерін игеріп алған біздің университеттің студенттері болашақ талапкерлерге таңдаған мамандығы туралы айтып береді, олар оның әр мамандықтары туралы пікірлерімен және еліміздің жетекші педагогикалық университетінде оқудан алған әсерлерімен бөліседі.

 

Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімі, Сіздерді жоспарланған ZOOM конференциясына шақырады және оның барлық қатысушыларын асыға күтеді.

 

Уақыты: 23.02.2021 ж., 15: 00 PM Алматы

 

Конференцияға сілтеме: https://zoom.us/j/96949920607?pwd=TVBaSkxNRlI1ckN4dWcxRW8xaWx2UT09 

 

Конференция идентификаторы: 969 4992 0607

 

Коды - 493093

 

Қосымша сұрақтар бойынша: Тел: + 7714630936, +7 775 3537583