Главная /
Объявления
15.09.2014
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2014 жылдың 13-14 қарашасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасында магистратураның ашылуына 20 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Дөңгелек үстел: «Қазақстан Республикасы ғылымындағы ЖОО кейінгі білім берудің рөлі мен болашағы»
Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі: - Физика-математика және техникалық; - Химия және биология; - Экология және география; - Тарих; - Құқық және философия; - Экономика; - Филология; - Психология және педагогика. Конференция жұмысына қатысуға ғылыми зерттеулері бойынша маңызды нәтижелері бар ғылыми жетекшілерінің ұсынымы бойынша жас ғалымдар, магистранттар, жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушылары шақырылады.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 10 қыркүйегінен 15 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек: - белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім; - ғылыми жетекшінің ұсыным - рецензиясы; - төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес келетін мақала; - ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжат көшірмесін (тек баяндаманың конференция бағдарламасына енгізілгені туралы ақпараттан кейін ғана).
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ
Баяндамалар мақала түрінде көлемі суреттер, графиктер, кестелерді қоса санағанда 4-5 беттен аспайтын қағаз нұсқасында А4 (210-297 мм) форматта қабылданады. Мақала Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтімен теріледі: негізгі мәтін - 14 шрифтпен (кестелер, суреттер, графиктер атаулары 10 шрифтпен), аралық интервалы - 1, азат жол - 0,7 см. Жиектері: сол жағы - 20 мм, оң жағы - 17 мм, үстіңгі мен төменгі жақтары - 20 мм. Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, астында бір жолдан кейін майлы (жуан) кіші әріптермен автордың тeгi мен инициалдары (бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекші көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып - баяндама мәтіні көрсетіледі. Баяндама ішінде тек сызықша ретіндегі маркерлер, ал нөмірлеу тек жақшасы бар араб сандары түрінде қолданылады. Әдебиеттер тізімін міндетті түрде көрсету қажет (оларға сілтеме тік жақшаның ішінде болуы керек). Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін бір жол қалдырылып жазылады. Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
|