Главная
Новости
18.04.2024 «Көркемдік білім» кафедрасы ғалымдарының ғылыми жобалары ҚР ҒЖБМ 2021-2023 жылдарға арналған жобалары бойынша зерттеу тобының мүшелері - Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары профессор Ж.Н. Шайгозова, қауымдастырылған профессор А.И. Ибрагимов және де басқа да ғылыми ұйымдардан қауымдастырылған профессор, жоба жетекшісі Қанат Өскенбай, профессор А.Б. Наурызбаева, философия докторы (PhD) Д.К. Сайкенева есімді ғалымдар жарияланымдарды ұсынды.
Ұсынылған жұмыстар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобалары аясында орындалды: - АР09259280 «Қазақ мәдениетінің тілдері этникалық бірегейліктің негізі ретінде: семиотика және семантика»; - АР09259862 «Қазіргі Қазақстанның дәстүрлі қолөнерін зерттеу: жағдайы және сақтау жолдарын іздеу».
Ғылыми зерттеулердің мақсаты - дәстүрлі қолөнердің қазіргі жағдайын зерттеу, оларды сақтау және тәжірибені жас ұрпаққа беру шараларын әзірлеу; әр түрлі саладағы мамандардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін қазақ халқының мәдени тілдерінің алуан түрлілігін жүйелі бірлікке келтіру.
|