қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.04.2024

Абай университетінің 1 курс магистранты - ТМД үздік зерттеушісі - 2024


Абай университеті Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасы «7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Сүлейменова Рабиға «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми білім беру мекемелері арасында өткен «ТМД-ның үздік зерттеушісі - 2024» конкурсында жеңіске жетіп, медаль және 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Сүлейменова Рабиғаның «Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттілігінің моделі» мақаласы ТМД ғалымдары ғылыми еңбектерінің V Халықаралық кітап жинағының материалдарында жарияланды.

 

  alt=  

  alt=