Главная
Новости
22.04.2024 «Көркем білім» бағыты бойынша Республикалық тренинг 2024 жылдың 17-18 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ 2023/2024 оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін/педагогтарды даярлау (көркем білім) бағыты бойынша «Қазақстанда көркем білім берудің заманауи трендтері» атты Республикалық тренинг өтті. Республикалық тренингті Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ Ғалым хатшысы Ұлмекен Нұрғалиева тренинг жұмысы мен қазіргі таңдағы мәселелері туралы сөз сөйледі. Тренингке аталған бағыттағы ҚР барлық жоғары оқу орындарының ОӘБ құрамы, стейкхолдерлер мен жұмыс берушілер қатысты.
Республикалық тренинг аясында жоба командасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор (доцент) м. а. Зоя Рабилованың «Қазіргі педагогикалық білім беру трендтері: білім беру бағдарламаларының мазмұны (заманауи силлабус үлгісі)» тақырыбында, Абай атындағы ҚазҰПУ «Көркем білім» кафедрасы, қауымдастырылған профессор Жанерке Шайгозованың «Көркем білім берудің заманауи трендтері: қазақстандық контекст» тақырыбында және Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры (доцент) м. а. Жанар Небесаеваның «Қазақстандағы көркем білім берудің заманауи стратегиялары халықаралық трендтермен салыстыру» тақырыбында баяндаларымен бөлісті. Треннигке қатысушылар Қазақстанның заманауи көркемдік білімін дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ фин жобасы бойынша жаңа эксперименттік білім беру бағдарламасы үшін силлабустар әзірледі.
|