қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.04.2024

«Үшжылдық міндетті грант өтемі» семинары

 

2024 жылдың 24 сәуірінде Абай университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» №403 бұйрығын түсіндіру бойынша бітіруші курс білім алушыларына арналған семинар өтті. Іс-шараға 7 институттың бакалавриат, магистратура және докторантураның бітіруші курс білім алушылары қатысты.


Семинарды Академиялық мәселелер департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков ашты. Х.Жанбеков іс-шараның маңыздылығына тоқталып, бүгінде болашақ мамандардың жоғары білім алып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі үшін мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп, жұмысқа орналасуға ықпал ететінін атап өтті.


Іс-шара барысында «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы Ақзира Серікқали жас мамандарды жұмысқа бөлу, сұраныс беру, сұраныс қабылдау, жолдама алу, жұмыспен өтеу міндетінен босатылу қағидаларын жіті түсіндірді. Бітіруші түлектер жұмыспен қамтылу, жұмыспен өтеу міндетінен босатылу мәселелерінің төңірегінде сұрақтар қойды. Спикер білім алушылардың сұрағына № 403 бұйрық шеңберінде жан-жақты жауап берді.


Айта кету керек, Абай университетінде бұл бағытта «Мансап» орталығы жұмыс істейді. Биылғы жылы ректор Болат Тілептің бастамасымен Алматы, Астана және өңірлердегі мектептерді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Бүгінде университет өз кезегінде түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, білім сапасы мен сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында еліміздің Білім басқармаларымен және орта білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде.


Кездесу соңында семинарға қатысқан түлектер спикерге алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті