қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.04.2024

«Менің болашағым: Кешегі мен. Бүгінгі мен. Келешек мен» Шетелдік студенттер форумы

 

2024 жылдың 26 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Менің болашағым: Кешегі мен. Бүгінгі мен. Келешек мен» Шетел студенттер форумы өтті. Форумды ұйымдастырушылар - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің «Орыс тілі және медуниет» орталығы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бегалиева Сауле), Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы (әлеуметтік ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Исалиева Сауле) және Eurasian Scientific and Methodological Journal "East-West" for master and doctoral students.

 

Форумға офлайн және онлайн форматта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай университеті, Самарқан мемлекеттік университеті (Самарқан қ., Өзбекстан), ЮЕСЮ Шет тілдер университеті (Чжецзянь, ҚХР), академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Баку қ., Әзірбайжан), Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу, Ресей), М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ш.Уалиханов атындағы Кокшетау университеті, Халықаралық акпараттық технологиялар университеті, Забайкалье мемлекеттік университеті (Чита қ., Ресей), (оның ішінде Ауғанстан, Үндістан, ҚХР, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Жапониядан келген шетелдік білім алушылар), Алматы қ. Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицей және № 18 гимназия өкілдері қатысты.

 

«Алматы жаһандық ғылыми-тәжірибелік конференцияда педагогика және психология кафедрасының аға ощытушы мен докторанттары Сауле Исалиева, Цао Жань (ҚХР, бейнебаяндау) және Дәуренбек Нұртұған (Моңғолия, бейнебаяндама), орыс тілі кафедрасының докторанты Ли Дуо (КХР) баяндама жасады.

 

«Өмірдің мәні - бұл не?» эссе конкурсында педагогика және психология кафедрасының 2 курс студенті Фаузия Султани (Ауғанстан) баяндама жасап, бірінші дәрежелі дипломға ие болды.

 

«6В01101 - Педагогика и психология» мамандығының 2 курс студенттері Айсана Жұматай, Аруна Досалина, Амина Нургалиева, Айнұр Сарбасова, Мариям Даутова, Фаузия Султани (Афганистан), Арина Камышанская конференция қатысушыларға «Түсінуге тырыс» психологиялық тренинг өткізді. Қатысушылар бір-біріне салған суретін эмоциямен беріп, реакциямен қабылдады. Тренинг өте көңілді және қызықты өтті, студенттер сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолданып, әртүрлі тілде сөйлесе отырып, педагог-психолог рөлінде өздерін сынап көрді.

 

Форум соңында жоғарыда аталған студенттер «Бізді Қазақстан біріктірді» интерактивті өткізді. П.Лумумба атындағы РХДУ, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тілектері мен билері жазылған бейнеролик көрсетілгеннен кейін, барлық қатысушылар қазақ, өзбек, түрікмен және ауғанстан билерін биледі және челленджді Баку және Самарқан студенттеріне жіберді. Келесі кезекте челленджге қазақстандық ЖОО және мектептер қосылды.

 

  alt=  

  alt=