қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.04.2024

Абай университетінің студенттері «Шухов» сквері мен «Алатау» паркінде ағаш отырғызды


«Таза Қазақстан» республикалық және «Алматы - біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 100 студенті «Шухов» скверінде және 300 студенті «Алатау» паркінде ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысты.

 

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.

 

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Және ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылып, оның  әр аптасы «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарымен жүзеге асатын болады.

 

Тазалық - табалдырықтан басталады!

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент