Главная
Новости
30.04.2024 «Қазақ тілі» пәндік олимпиадасы-2024 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті «Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасы ауыл мектептерімен байланыс аясында «Қазақ тілі» пәні бойынша аудандық олимпиада өткізді. Олимпиада 2024 жылдың 27 сәуірінде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан мектеп-гимназиясының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Мақсаты - «Қазақ тілі» білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу бағытын айқындау.
Міндеті: ауыл мектептерімен тығыз байланыс орнату; «Қазақ тілі» пәнін оқытудағы өзекті мәселелерді анықтау.
Олимпиаданың іріктеу турынан өткен 19 мектептен 40 оқушы тест, эссе, грамматикалық талдау, мәтінмен жұмыс, монологқа арналған тапсырмалар бойынша өз бақтарын сынады. Комиссия төрағасы - кафедра меңгерушісі Ильясова Нағима, комиссия мүшелері - профессор Рахметова Райгүл, тәжірибелі ұстаз, аға оқытушы Сейталиева Қарлығаш және профессор Жүніс Майра І, ІІ, ІІІ тур бойынша оқушылардың білімін тексеріп, жұмыстарын бағалады. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілер Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы - ректор Б.А. Тілептің атынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық олимпиада қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы мен Құлан мектеп-гимназиясының 2021-2025 жылдарға арналған екі жақты келісім аясында жүзеге асырылды. Олимпиаданы ұйымдастыруға атсалысқан Құлан мектеп-гимназиясының ұжымы мен Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің ұжымына Алғыс хат табыс етілді.
|