қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.04.2024

Жаратылыстану және география институтында экологиялық тақырыптағы плакаттар ілінді

 

«Аяла» экоклубының белсенділері Жұмағали Назерке мен Алтынбекова Айдана Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің экологиялық мәдениетін арттыру және қоғамның назарын экологиялық мәселелерге аудару мақсатында Жаратылыстану және география институтының (ЖГИ) 6,5 қабаттарында экологиялық мазмұндағы плакаттарды ілу жұмыстарын жүргізді.

 

Бұл плакаттар түрлі - түсті және тартымды ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта мәселелері мен оларды қалай шешуге болатыны туралы маңызды ақпаратқа толы. Олар табиғатты, ресурстарды үнемдеуді және тұрақты өмір салтын сақтауға шақырады.

 

Біз сіздерді бір сәтке тоқтап, осы плакаттарды мұқият қарауға шақырамыз. Өйткені, әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз!

 

  alt=