қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.05.2024

 

 

 

Құрметті әріптестер және білім алушылар!


Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Бұл мереке - халқымыздың ұйымшылдығы, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің символы. Бейбітшілік, келісім және саяси тұрақтылық - әрбір азаматтың күш-жігерінің арқасында қол жеткізген ең үлкен жетістіктеріміз. Бұл құндылықтар елді нығайтып қана қоймай, біздің көпұлтты Отанымызды мекендейтін халықтар арасындағы достықтың негізі болып табылады.


Қоғамымыздың барлық салаларындағы жүйелі жаңғырулардың бүгінгі беталысы бірлікті нығайтуға ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруға жол ашатынына сенімдімін. Түсіністік пен тұрақтылық - әрбір азаматтың қатысуын және оның ел дамуына үлес қосуын талап ететін құндылықтар. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрқашан берік болсын!


Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!

 

Құрметпен, ректор Болат Тілеп