Главная
Новости
03.05.2024 Бос орындар жәрмеңкесі – 2024 2024 жылдың 3 мамырында Абай университетінде «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі - 2024» іс-шарасы өтті.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат - жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру, нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, соның негізінде мамандар даярлау. Мұндай жәрмеңке жыл сайын университет қабырғасында әртүрлі форматта өтеді. Жәрмеңке нәтижесінде бітіруші түлектер өздеріне керекті жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа орналасады. Осы тұрғыдан алып қарағанда жыл сайынғы өткен жәрмеңкеден соң университет түлектерінің 95 %-ы жұмыспен қамтылу нәтижесін көрсетеді.
Бүгінгі өткізілген жәрмеңкеде академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова шараға келген жұмыс берушілерге алғыс айтып, студенттерді мансап жолындағы алғашқы қадамдарымен құттықтады. Проректор сонымен қатар университет түлектерін жұмыспен қамтуға арналған жобалар туралы айтты. Шарада Алматы қаласы, Алматы облысынан бөлек, алыс аймақтардан келген жұмыс берушілерге сөз беріліп, жұмыс орындары туралы баяндауына, өз мекемелері туралы ақпарат беруіне мүмкіндік берілді.
Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушы жұмыс берушілерге 2024 жылы бітіретін түлектер туралы ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков таныстырды.
Қоғаммен байланыс департаменті |