қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.05.2024

Абай университетінің докторанттары Хаджеттепе университетінде тағылымдамадан өтті


2024 жылдың 1-30 сәуір аралығында Абай университетінің «8D012-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» мамандығының 2 курс докторанттары Түркияның Анкара қаласында Хаджеттепе университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Хаджеттепе университеті Түркиядағы алдыңғы қатарлы, топ -1000 үздік ЖОО-ның қатарына кіретін университеттердің бірі. 1967 жылы құрылған білім ордасында қазіргі таңда 47000-нан аса студент білім алуда және университетте 14 факультет бар. Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы 1997-1998 оқу жылында Жоғары білім жөніндегі кеңестің мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын қайта құру аясында құрылды. Кафедра бакалавриат бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиешілерді, сонымен қатар магистратура мен докторантурада ғылыми қызметкерлер мен академиктерді дайындайды.


Докторанттардың ғылыми кеңесшілері офлайн және онлайн форматта дәрістеріне қатыстырып, оқу бағдарламаларымен таныстырып, диссертациялық жұмыстары бойынша қосымша ұсыныстар жасап, оқулықтар, сайттар тізімін ұсынды. Университет кітапханасына және ұлттық кітапханаға барып, диссертациялық жұмыстармен таныстырылды, студенттердің кәсіби құзіреттілігін арттыру барысында қолданып жатқан электронды құралдармен танысып, профессорлардың семинарлары мен шеберлік сыныптарына қатысып, мектепке дейінгі ұйымдармен танысып, оқу бағдарламаларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Екі мемлекеттік және екі жеке бөбекжай кешеніңе барып, білім беру бағдарламалары мен танысып, балалармен ашық пікір алмасты.

 

Хасанова Аида Стамбул университеті Фарабитану практикалық-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 19-24 сәуір аралығында 72 академиялық сағаттық «Social Emotional Learning» тақырып аясында курс оқып, сертификатпен және Алғыс хатпен марапатталды.

 

Айлық тағылымдама соңында әрбір докторантқа жеке сертификат беріліп, Түркия мемлекетінен жаңа серпін алып келді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=