қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.05.2024

Абай университетінің студенттері Ө.Жәнібековке арналған «Мәдени майдан» көрменің ашылуында болды

 

2024 жылдың 15 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Педагогикалық шеберлік академиясы Тәлімгерлік мектебінің ұйымдастыруымен университет студенттері «Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы аясында Алматы музейінде ашылған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған «Мәдени майдан» көрмесіне барды.

 

Музейге барған Тарих және құқық факультетінің студенттері көрмеде Ө. Жәнібековтің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздерімен танысып, Алматы музейі қорынан Ө. Жәнібековтің үлгісі бойынша тігілген «Сазген сазы» ансамблінің алғашқы орындаушысының сахналық киімі, фотосуреттері, музыкалық аспаптар мен Әзірет Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының қорынан Ө. Жәнібековтің жеке заттарын тамашалады.

 

Айта кеткен жөн, Өзбекәлі Жәнібеков - қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін дамыту жолында іргелі істер атқарған, салт-дәстүрдің, тарихи жәдігерлердің қайта жандануына ықпал еткен ұлт жанашыры. Оның бастамасымен Қазақстанда жүзге жуық музей мен этнографиялық залдар ашылып, «Сазген сазы», «Шертер», «Адырна», «Алтынай» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамбльдері, театрлар, «Казреставрация», «Бірегей ысқымен ойналатын музыкалық аспаптардың мемлекеттік коллекциясы» құрылған.

 

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент