қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
15.05.2024

Алматыда Нобель сыйлығының лауреатымен кездесу ұйымдастырылды


                

 

Мұндай кездесулер мен тәжірибе алмасу серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, Қазақстандағы білім мен ғылымның көкжиегін кеңейтеді.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті.


Рае Квон Чунг - профессор, ғалым және 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Сонгдодағы Инчхон ұлттық университетінің құрметті профессоры (Оңтүстік Корея). Бұл кездесу - университеттегі ғылыми-педагогикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам. Оның Қазақстанға келуі - отандық білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға.


Ректор Болат Тілеп еліміздің тұңғыш университеті - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарихы мен жетістіктеріне тоқталып, жаңа формациядағы педагог кадрларды даярлауда халықаралық тәжірибенің маңызын атап өтті.


Кездесу барысында ғылым және білім саласында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Жасыл экономиканың тұрақты дамуы мен экологиялық білімге ерекше көңіл бөлінді. Бұл университет пен оның студенттері үшін жаңа көкжиектерді ашып, озық ғылыми жобалар мен әлемдік тәжірибеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Профессор Рае Квон Чунг өз кезегінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жоба мен соңғы технологиялар туралы құнды ақпаратты бөлісті. Оның университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту жайлы пікірі білім мен ғылымды дамыту жағдайында үлкен маңызға ие. Рае Квон Чунг жаңа технологиялар нарығының динамикасын ескере отырып, студенттерді өз бетінше ізденуге, кәсіби дағдыларды дамытуға және жаңа білімді меңгеруге, білімдерін үнемі жаңартып, кеңейтуге бағыттау қажет екенін атап өтті.


Мұндай кездесулер мен тәжірибе алмасу серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, Қазақстандағы білім мен ғылымның көкжиегін кеңейтеді. Көптеген зерттеуде жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту білім сапасына оң әсер ететінін көрсетеді. Шетелдік профессорлардың білімі мен тәжірибесі оқу үдерісін байытып, мәдениетаралық түсіністікті дамытуға ықпал етеді және студенттерді халықаралық ортада табысты қызметке дайындайды. Осы факторлардың барлығы қазіргі жаһандық еңбек нарығы мен академиялық қоғамдастықтың талаптарына неғұрлым тиімді бейімделуге ықпал етеді.

 

 

15.05.2024

Ақпарат көзі: turkystan.kz