қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.05.2024

Марапаттау рәсімі


2024 жылдың 24 мамырында Жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің белсенді студенттерін марапаттау рәсімі өтті.

 

Шараға университетіміздің бітіруші түлектері, белсенді студенттер мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері және студенттік клуб мүшелері қатысты.

 

Аталған студенттерге университетіміздің студенттік өзін-өзі басқару өміріне белсене араласып, оның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов Басқарма төрағасы-ректордың Алғыс хатын табыстады.

 

Көшбасшы студенттеріміз алдағы уақытта оқуда озат болып, білімнің биік шыңдарынан көрініп, қоғамдық жұмыстарда белсенділік таныта берулеріне тілектеспіз!

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі бөлім