қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
29.05.2024

Ұстаздар ұстаханасында мемлекеттік қызметті дамыту жайы сөз болды

 

                

 

Бүгін, 29 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-да мемлекет және қоғам қайраткері, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы, Республикалық Тоғызқұмалақ федерация президенті Әлихан Байменовпен «Ұлттық мүдде және мемлекеттік қызмет» тақырыбында кездесу өтті.

 

Іс-шараға Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Әкім Тұрсұн, Жетісу облыстық Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Ришат Асқарбекұлы, университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.

 

Жиынның мақсаты - мемлекеттік қызметтің негізгі мәселелерін және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мен ілгерілетудегі рөлін талқылау және «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынын насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Бұл кездесу қатысушыларға студенттер мен университет қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметтің міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

 

Әлихан Байменов кәсіби біліктілік, ашықтық пен ұлттық мүддеге адалдықтың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметті дамыту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті. Ол дамыған елдердің озық тәжірибесін енгізуге, жаңа цифрлық технологияларды қолдану мемлекетті нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.

 

Кездесуде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру және қалыптасқан жағдайға бейімделу мәселелері көтерілді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде адамгершілік құндылықтармен қатар ұлт болашағын қалыптастыруда табысқа жеткен тұлғалардың өмірлік тәжірибесін кеңінен насихаттау қажеттігі де айтылды.

 

Іс-шара қызу пікірталаспен жалғасып, оның барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

 

 

29.05.2024

Ақпарат көзі: qazaq1913.com