қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.06.2024

«8D01201– Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу педагогикасы» мамандығының 3 курс докторанттарының қорытынды аттестациясы


2024 жылдың 31 мамырында «8D01201- Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу педагогикасы» мамандығының 3 курс докторанттары жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша қорытынды аттестациядан өтті. Аттестацияда кафедраның профессор-оқытушылары мен университеттің ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Гүлзада Баймбетова, кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева және докторанттардың ғылыми жетекшілері мен кафедраның профессор оқытушылар қатысты. Докторанттар Айжан Ауезова, Бақыт Аяпова, Майра Берлибаева, Динара Ердембекова, Меруерт Изат, Назгүл Тилеубаева, Ақтоты Туздыбаевалар үш жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытынды есептері мен педагогикалық практиканың орындалуы, ғылыми тағлымдамадан өту бойынша есептерін берді.

 

Аттестаттау комиссиясы жеке жоспарға сәйкес диссертациялық зерттеу жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есептерді тыңдады және оқу бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде қорғауға диссертация ұсына отырып, докторантураның білім беру бағдарламасын игеруді табысты деп таныды.

 

Аттестаттау жұмысына 1-2 курс докторанттары қатысты.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=