Главная
Новости
05.06.2024 Абай университеті QS WUR 2025 халықаралық рейтингінде өз позициясын жақсартты
2024 жылдың 5 маусымында QS WUR 2025 халықаралық университеттер рейтингінің нәтижелері жарияланды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 1503 университет қатысқан болатын. Абай атындағы ҚазҰПУ әлемнің үздік 700 жоғары оқу орындары қатарына кіріп, әлем бойынша 671-680 позициясын иеленді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пунктке жақсарған нәтиже, ол Қазақстан бойынша 5-ші орынға сәйкес келеді.
13 жыл қатарынан жаһандық рейтингтегі көшбасшылықты Массачусетс технологиялық институты (MIT) сақтап келеді. Лондон империялық колледжі (Imperial College London) 2-ші орынға көтерілді, ал Оксфорд пен Гарвард университеттері сәйкесінше 3 және 4 орындарда қалды. Азия жоғары білім беру секторының үздік «ойыншысы» - әлемдік рейтингте 14-ші орын алған Бейжің университеті болып табылады.
Қазақстаннан 21 жоғары оқу орны жаһандық рейтингте ұсынылып, оның ішінде 5-еуі өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дәстүрлі түрде үздік 200 қатарына қайта еніп, 163-ші орынмен еліміз бойынша біріншілігін сақтады. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үздік 400 қатарына қалып, 321 орынға көтерілді. 405 позициясымен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті рейтинг тізіміне кірді. Абай атындағы ҚазҰПУ 671-680 нәтижемен позициясын 10 пунктке жақсартып, Қазақстан бойынша үздік 5-ке енді.
QS өңірлік директоры Сергей Христолюбов жаңа рейтингтің нәтижелері Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының позицияларының өсуімен сипатталатынын, сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобаларға тартылуын арттыру, ғылыми басылымдарда жоғары квартилдердің қатысуын одан әрі жетілдіру, сонымен қатар жақын және алыс шет елдердегі ғылымды қажет ететін экожүйелермен қоса, білім орталықтарымен неғұрлым белсенді өзара іс-қимыл жасау негізгі міндеттердің қатарында екендігін атап өтті.
Жалпы, Абай атындағы ҚазҰПУ жоғары білім берудің әлемдік секторының өзгермелі ландшафтына табысты интеграциялануға ұмтылысын көрсетуде және педагогикалық білім беруде елдік көшбасшылығын сақтап келеді.
Рейтинг нәтижелерін мына сілтеме бойынша көре аласыз: https://www.topuniversities.com/qs-world-university-rankings/2025.
|