қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
11.06.2024

                       Абай университетінде Startup жобалар конкурсы өтті

 

                

 

Demo day аясында финалистер өздерінің үздік стартап жобаларын бизнес пен университеттің басқарма өкілдерінен тұратын қазылар алқасына ұсынды.

 

Абай университетінде студенттер арасында «Жас кәсіпкер Abai University 2024» Startup жобалар конкурсы өтті. Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды: өтінімдерді қабылдау, техникалық сараптама, офлайн және онлайн сабақтар өткізу, жеке консультациялар және іріктеу туры. Финалға 12 команда өтті.

 

Demo day аясында финалистер өздерінің үздік стартап жобаларын бизнес пен университеттің басқарма өкілдерінен тұратын қазылар алқасына ұсынды.

 

Бірінші орын мен 1 млн теңге көлеміндегі жүлдені «Magic Pillow» жобасымен «Ecolife» командасы иеленді. Студенттер қарақұмық қабығынан жасалған жастықтар шығарып жатыр.


Алғашқы 500 мыңды «zerTTe» командасы еліміздің балабақшаларында работотехника сыныптарын ұйымдастыру жобасымен жеңіп алды.

 

Екінші 500 мың тенге азық-түлік қалдықтарынан табиғи тыңайтқыштар жасауға бағытталған «Биогумус» командасына бұйырды.

 

300 мың теңгелік жүлденің иегерлері 3 команда болды.

 

«LingvLit» командасы «Интерактивті диктант» мобильді қосымшасы және «Сауатты болу-сәнді!» ұранымен, «UlanKUS» командасы ауылшаруашылық құстарын үйде жұмыртқадан жасанды түрде шығаруға арналған инкубатормен, «EnergyUp» командасы студенттер мен оқытушыларға арналған университет қабырғаларында зарядтағыштарды орналастыру жобасымен алды.

 

11.06.2024

Ақпарат көзі: aikyn.kz