Главная
Новости
14.06.2024 Абай университетінің студенті республикалық ғылыми-зерттеу жұмысының жеңімпазы Ағымдағы жылы А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «6B01303 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының дәстүрлі іс-шарасы өтті. Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ атынан «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» білім бағдарламасы бойынша 2 жұмыс жіберіліп, нәтижесінде «2-сыныпта шамаларды оқыту әдістемесі» тақырыбында жазылған 3-курс (3 жылдық) студенті Назерке Бейсеннің ғылыми жұмысы 1 орынды иеленді. Назерке Бейсен ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.
|