қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.06.2024

Абай университетінің оқытушылары STEAM және CLIL Education бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтады

 

2024 жылдың 26 ​​ақпаны мен 15 мамыры аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тоғыз оқытушысы «Мұғалімдердің білім беру үлгісін енгізу және оның мазмұнын нығайту» жобасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. «Steam және CLIL оқыту» бағдарламасын Хаме қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия) және Назарбаев Университеті (Қазақстан) бірлесіп ұйымдастырды.

 

Бағдарламаның мақсаты STEAM және CLIL технологияларын пайдалана отырып, жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқыту болды. Оқыту гибридтік форматта өткізілді. Курстың негізгі тақырыптары:

 

- STEAM және CLIL технологияларының әдістемесі;

-  STEAM және CLIL жобалардың негізінде оқыту;

- Қазіргі әлемде қажетті дағдыларды қалыптастыру үшін пәнаралық оқытудың маңыздылығы мен артықшылықтары;

- STEAM және CLIL оқытудың нақты өлшемдерін қалай анықтауға болады;

- STEAM және CLIL үшін қолайлы әртүрлі белсенді оқыту стратегияларын зерттеу;

- STEAM және CLIL контекстінде диагностикалық, формативті және жиынтық бағалаудың маңыздылығын түсіну және дамыту.

 

Бағдарламаны жетекші сарапшылар жүргізді: Анси Линделл, Яркко Ламписелка, Гүлнисса Жүнісова, Айбаршын Болатова және т.б. Курс соңында университет оқытушылары «Химиялық экология» пәнінің силлабусын және «Жаратылыстану пәндерінде STEAM және CLIL технологияларын қолдану» тақырыбында презентация әзірледі.

 

Болашақта «Steam және CLIL оқыту» бағыты бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда, бұл университеттің білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болады.

 

  alt=  

 

  alt=