Главная
Новости
28.06.2024 Абай университетінің ғалымдары ғылыми белсенділігі үшін ынталандырылды Абай университетінде жыл сайын профессор-оқытушылар құрамының ғылыми белсенділігін ынталандыру жүзеге асырылады.
2023 жыл қорытындысы бойынша университет ғалымдарының Web of Science (Q1 квартиль) және Scopus (процентилі 75-тен жоғары) деректер базасында индекстелетін ғылыми басылымдардағы мақалалар саны 2022 жылмен салыстырғанда 61%-ға артты.
Осыған орай, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің жарияланымдық белсенділігін ынталандыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес биыл университет Басқармасының шешімі негізінде 2023 жылы Web of Science (Q1 квартиль) және Scopus (процентилі 75-тен жоғары) деректер базасында жарияланған мақала авторларына сыйақы тағайындалды.
Аталған Ережеге сәйкес университеттте штатта қызмет ететін 30 ғалым мақаладағы 1-ден 7-ге дейінгі авторлық ретіне қарай Scopus процентилі 90-99 / Q1 Web of Science - 75 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін, Scopus процентилі 80-89 / Q1 Web of Science - 70 000 теңгеден 450 000 теңгеге дейін, Scopus процентилі 75-79 / Q1 Web of Science - 75 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін көлемде ынталандыру сыйақысымен марапатталды.
Университет ғалымдары мен жас зерттеушілерінің жоғары деңгейдегі ғылыми жарияланымдары көбейе берсін және шығармашылық тың идеяларын жүзеге асыру белсенділіктері арта түссін!
|