қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.07.2024

Жаратылыстану және география факультетінен 600 ден астам түлек қанат қақты

 

2024 жылдың 28-29 маусым күндері Қазақ білімінің қара шаңырағы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география факультетінде бітіруші курс білім алушыларына диплом табыстау салтанатты шарасы өтті. Биылғы 2023-2024 оқу жылында Жаратылыстану және география факультетінен 606 білім алушы бакалавр дәрежесін алса, оның ішінде 218 білім алушы үздік атанды, 104 білім алушы магистр дәрежесін алды.

 

Салтанатты шараның шымылдығы Абай университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілептің құттықтау сөзімен ашылды. Салтанатты шараға университеттің зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры, Ертай Сұлтан, цифрландыру жөніндегі проректор Нуркен Мусабаев, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков және ЖГФ деканы Күләш Каймулдинова қатысып, білім алушыларға ақ тілектерін жеткізді.

 

Шара барысында жас түлектерге дипломмен бірге Абай атамыздың қара сөздер жинағы бар құнды естелік кітаптары табысталды. Түлектеріміз университет қабырғасында білім алғандарын мақтанышпен айтып, елдің даму жолында аянбай қызмет ететіндерін жеткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=