қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.07.2024

Педагогика және психология факультеті 715 түлекке диплом табыстады


2024 жылдың 2-3 шілдесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология факультетінде бітіруші түлектерге арналған «Біліммен - болашаққа» салтанатты диплом тапсыру шарасы өтті. Маңызды мерекелік шараның шымылдығы Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің құттықтау сөзімен ашылды.

 

Биыл Педагогика және психология факультеті бойынша 715 студент бітіруші түлек атанып, болашаққа қадам басқалы тұр. Бакалавр бөлімі бойынша жалпы саны - 478 түлек қолына дипломын алса, оның ішінде үздік деп танылғандар саны - 176. Ал, 207 білім алушы магистратура бағдарламасы бойынша білімін аяқтап, магистр дәрежесін иеленді.

 

Іс-шара барысында университет қабырғасында үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан, өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін бірнеше түлек университет ректорының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, түлектерге университет ректорының атынан Абай Құнанбаевтың қара сөздер жинағы естелік ретінде табысталды.

 

Салтанатты іс-шараға университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, цифрландыру жөніндегі проректор Нуркен Мусабаев, факультет деканы Ғалия Абаева және профессор-оқутышылар құрамы қатысып, болашақ маман иелеріне ақ жол тіледі.

 

Әсерлі шара соңы түлектерге арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=