қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.07.2024

«Жасыл ел» студенттерімен «Эмоциялық қажудың алдын алу» тақырыбындағы тренинг


2024 жылдың 4 шілдесінде Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Эмоциялық қажудың алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

 

«Жасыл ел» еңбек жасағының 20-ға жуық жастары қатысқан тренингтің негізгі мақсаты - жазғы демалыс уақытын еңбекке арнаған студенттердің эмоциялық қажуының алдын-алу, шаршау мен мазасыздықтан арылуға көмектесу және тақырыпқа байланысты психологиялық көмекші құралдар беру.

 

Тренинг барысында қатысушылардың бір-бірімен жақын танысып, топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру үшін «Денемен амандасу», бір-бірімен үйренісіп, ашылып, жақын қарым-қатынас орнату мақсатында «Наполеон позасы» жаттығулары ұйымдастырылды. Сондай-ақ психологтар студенттерге стресстен, эмоциялық қажудан шығу жолдарын нұсқауға бағытталған арнайы ұсыныстар айтылып, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Тренинг соңында эмоциялық қажудың алдын-алуға байланысты психологиялық кеңес беріліп, студенттер өз сезімдерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі