қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.12.2017

Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентінің жылжымалы кітапханасын тамашалады

 

2017 жылдың 9 желтоқсан күні Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері Орталық Мемлекеттік мұражайда орналасқан Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентінің жылжымалы кітапханасын тамашалады. Экскурсия барысында студенттер Елбасының балалық шағынан бастап, жалпы өмірлік жолын айқындайтын мұрағаттан алынған кітапханасымен танысты.

 

Байқоңыр ғарыш айлағына арналған экспозицияның стенділері, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметінің халықаралық аспектілерін көрсететін стендтер білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Көрме бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы ерекше еңбегі үшін Президентіміз Н.А. Назарбаевқа табысталған шетелдік марапаттарын таныстырумен аяқталды.