қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
10.07.2024

Абай университеті – көш басында

 

                

 

Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш құрылған күннен бастап қоғам өмірінің барлық салалары үшін білікті мамандар мен жаңа формациядағы педагог кадрларын даярлауда еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастап келеді.

 

Бүгінде университетте 230 білім беру бағдарламасы бойынша 16 500-ден астам студент білім алады. Оның ішінде 143 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өткен. Бағдарламалар қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай, түрік, араб және корей тілдерінде білім алуға мүмкіндік береді.

 

Абай университеті отандық рейтингтер мен халықаралық ғылым және білім кеңістігінде өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екенін дәлелдеп жүр.

 

Еліміздің педагогикалық білім беру флагманы Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында көшбасшы орынға ие. QS World University Rankings-2025 рейтингінде Абай университеті әлемдегі ең үздік университеттер арасында 671-680 орындарды иеленіп, Қазақстанның үздік бестігіне енді. QS WUR Asia рейтингінде университет 146-шы орында және Азиядағы ең үздік 150 университеттің қатарына кіреді.

 

«QS WUR by subject-2024» пәндік рейтингінде «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» саласы бойынша университет әлемде 351-ші, Қазақстанда 3-ші орында. «Білім беру және оқыту» (Education and Training) мамандығы бойынша Абай университеті жаһандық рейтингте 54-ші орынға ие болып, әлемнің алғашқы жүз университеттерінің қатарына кірді, бұл Қазақстандағы 1-ші орынға сәйкес келеді. «Ағылшын тілі мен әдебиеті» мамандығы да үздік жүздікке еніп, әлем бойынша 93-ші және Қазақстанда 1-ші орынды алып отыр. Бұл көрсеткіш рейтингтің осы санатында ұсынылған Орталық Азия жоғары оқу орындарының арасындағы ең үздігі болып табылады. Осылайша, Абай университеті Қазақстанның педагогикалық білім берудің флагманы деген атаққа лайықты екенін тағы да дәлелдеді.

 

Бүгінде Абай университеті 2024-2025 оқу жылына жаңа білім беру бағдарламаларына құжат қабылдауды бастады. Атап айтқанда, «В091 - Туризм», «В092 -Тынығу», В093 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «В120 - Кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау (сала бойынша)» мамандарын даярлауға басымдық берілмек.

 

Сондай-ақ, университет Францияның үздік университеттерімен ынтымақтастық аясында қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынуда. Биыл Абай университеті базасында құқық, педагогика, экономика және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарды даярлайтын Лотарингия университетінің филиалы құрылды. Бүгінде Лотарингия университетімен ынтымақтастық аясында келесі бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларына арнайы гранттар бөлініп, қабылдау жарияланды: Бакалавриат - «B018(KZ-FR)-Шетел тілі мұғалімдерін даярлау», «B140(KZ-FR)-Халықаралық қатынастар және дипломатия», «B044(KZ-FR)-Менеджмент және басқару», «B046(KZ-FR)-Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі», «B047(KZ-FR)-Маркетинг және жарнама», «B093(KZ-FR)-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі». Аталған бағдарламалар еуропалық стандарттар бойынша мамандар даярлауды қамтамасыз етеді.

 

Студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын басқа да шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестік орнату жоспарлануда.

 

Абай университеті жас зерттеушілерді белсенді түрде қолдайды. Мұнда олардың ғылыми әлеуетін дамыту және жобаларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер қарастырылған. Оқу ордасы студенттер мен ғалымдардың ғылыми қызметке белсенді қатысуына ықпал ете отырып, заманауи зертханалар мен кітапхана қорларына қолжетімділікті қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, Абай университеті өз студенттеріне әлемнің үздік университеттері мен ғылыми орталықтарында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша тағылымдамадан өтуге және білім алуға үлкен мүмкіндіктер береді.

 

Білімнің шыңын бағындырғыңыз келсе, Абай университетіне келіңіз. Сіз бұл оқу орнында жеке және кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізесіз!

 

10.07.2024

Ақпарат көзі: turkystan.kz