қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.07.2024

Мец қаласының мэрі Франсуа Гросдидьемен кездесу


2024 жылдың 9 шілдесінде Францияға жұмыс сапары аясында Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы Мец қаласының мэрі Франсуа Гросдидьенің ресми қабылдауына шақырылды.

 

Кездесу барысында Франсуа Гросдидье Қазақстанның Орталық Азияда шешуші рөл атқаратынын, сондықтан Абай университетінде француз университетінің филиалын ашу жөніндегі бірлескен жобаны ілгерілетуге үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Мемлекеттер арасындағы екіжақты дамудан бөлек, Мец және Алматы қалаларын бірлесіп ілгерілетуге мүдделі. Сондай-ақ, Франсуа Гросдидье болашағы зор жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

 

Өз кезегінде Абай университетінің ректоры Болат Тілеп қала басшысына алғысын білдіріп, француз университеттерімен ынтымақтастық университет дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, жобаны одан әрі стратегиялық ілгерілетуге дайын екенін жеткізді. Жалпы, Қазақстан мен Франция екі елдің өркендеуі мен әл-ауқатының артуына ықпал ететін ғылым мен білім саласындағы ұзақ мерзімді және өнімді қарым-қатынастарды қолдауға ұмтылуда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=