қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
15.07.2024

Университеттер арасында консорциумға қол қойылды

 

                

 

2024 жылы елімізде еңбек нарығындағы педагогикалық кадрлардың тапшылығын жою және педагогтерді бірлесіп даярлау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында консорциумға қол қойылды. Консорциум аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Абай университетінің «Білім беру» факультеті құрылды.

 

Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа факультеттің білім беру бағдарламаларының 9 тобына 240 нысаналы грант бөліп отыр:

 

«Педагогика және психология» - 10 грант;
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен методикасы» - 30 грант;
«Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» - 10 грант;
«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» - 10 грант;
«Математика мұғалімдерін даярлау» - 40 грант;
«Информатика мұғалімдерін даярлау» - 40 грант;
«География мұғалімдерін даярлау» - 30 грант;
«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» - 30 грант;
«Арнайы педагогика» - 40 грант.


Бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға Абай университетінің 21 педагогикалық бейіндік кафедрасының және Еуразия ұлттық университетінің 11 мамандандырылған кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы тартылады деп жоспарлануда. Білім алушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Бакалавриатты ойдағыдай бітірген студенттер Абай университетінің дипломын алады.

 

Бағдарлама түлектері түрлі білім беру ұйымдарында: жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, білім беру орталықтарында, педагогикалық бағыттағы ғылыми-әдістемелік, түзету-дамыту ұйымдарында, әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру-басқару мекемелерінде жұмыс істей алады.

 

 

15.07.2024

Ақпарат көзі: qazaq1913.com