қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.07.2024

Абай университеті мен Фудань университеті (Қытай) арасында ынтымақтастық орнады

 

2024 жылғы 12 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқу орындары арасындағы академиялық және инновациялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды талқылау үшін Фудань университетінің (Қытай) өкілдерімен кездесу өтті.


Кездесу барысында бірнеше негізгі тақырыптар мен ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды. Қос тарап жасанды интеллектті білім беру әдістемелеріне интеграциялау және тиісті зертханалар арасында бірлескен жобаларды ілгерілету бойынша идеялар алмасты, әрі коммерцияландыру мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлді. Фудань университетінің Чжанцзян ғылыми-зерттеу институты деканының орынбасары Лу Сяолин бастаған делегация Абай университетімен әріптестік орнатуға үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ, кездесуде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара келісім болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз болады деп күтілуде.

 

Фудань университеті QS халықаралық рейтингінде 39-орында тұр. Қазіргі таңда университетке елу миллион доллар көлемінде қомақты кіріс әкелген 500-ден астам жоба жүзеге асырылуда. Университет зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау үшін өзінің инфрақұрылымын, соның ішінде 5 ұлттық зертхананы белсенді түрде дамытуда.

 

Кездесу ҚазҰПУ мен Фудань университеті арасындағы, әсіресе ғылыми зерттеулерді, инновацияларды ілгерілету және білім беру сапасын арттыру саласындағы болашақ ынтымақтастықтың перспективаларын қамтамасыз етеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=