қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
24.07.2024

Лотарингия университетінің Қазақстандағы филиалы талапкерлерді қабылдайды

 

                

 

Лотарингия университеті - Францияның 13 қаласында 49 оқу ғимараты бар жетекші француз университеттерінің бірі.

 

Лотарингия университетінің (Франция) филиалы Абай атындағы ҚазҰПУ базасында 2024 жылдың мамыр айында, екі университет арасындағы 7 жылдан астам жемісті ынтымақтастық нәтижесі негізінде ашылды.

 

Лотарингия университеті - Францияның 13 қаласында 49 оқу ғимараты бар жетекші француз университеттерінің бірі. Университетте 60 000 студент білім алады. Оның ішінде 10 000 студент шетел азаматы.

 

Филиал аясында бакалавриат бойынша «6В04211 - Халықаралық құқық» және магистратура бойынша «7M04205 - Халықаралық құқық» қос дипломды білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. Филиал платформасында алты білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, оларға 95 нысаналы грант бөлінді:

 

1. «B018(KZ-FR)-Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» - 25 грант;

2. «B140(KZ-FR)-Халықаралық қатынастар және дипломатия» - 10 грант;

3. «B044(KZ-FR)-Менеджмент және басқару» - 10 грант;

4. «B046(KZ-FR)-Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі» - 20 грант;

5. «B047(KZ-FR)-Маркетинг және жарнама» - 10 грант;

6. «B093(KZ-FR)-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» - 20 грант.

 

Жоғары курстардан бастап бұл бағдарламаларды қос дипломдық бағдарламаларға қайта форматтау жоспарланып отыр. Француз тілін B2 деңгейінде сәтті меңгерген студенттер қос диплом бағдарламасына тіркелу мүмкіндігіне ие болады.

 

Филиал студенттері алты білім беру бағдарламасы бойынша стипендия алып, халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына арнайы емтихан тапсырмай-ақ қатыса алады. Конкурсқа қатысу ҰБТ сертификаты негізінде жүзеге асырылады. Филиалдың барлық білім беру бағдарламалары үшін бакалавриатқа қабылдау кезінде француз тілін білу талап етілмейді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау комиссиясына хабарласуыңызға болады.

Мекенжайы: Қазыбек би, 28 (№30 кабинет).

 

WhatsApp: +7 701 779 8870, +7 701 760 0625, +7 707 308 4949.

 

24.07.2024

Ақпарат көзі: aikyn.kz