қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.08.2024

Абай университетіндегі Абай күні: шығармашылық челлендж және конкурс

 

2024 жылдың 6-10 тамыз аралығында Абай күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде челлендж жариялап, жоғары оқу орнының ресми парақшасында конкурс өткізді.


Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға, қатысушылардың рухани білімін тереңдетуге және жастардың ұлы ақынның мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оған 100-ден астам адам қатысты.


Челлендж аясында конкурсқа қатыстушылар ұлы ойшылдың шығармаларын мәнерлеп оқып, әлеуметтік желілерде бөлісті. Бұл бастаманы университет оқытушылары, жас оқырмандар мен қала тұрғындары да қолдап, Абай әндерін орындап, өлеңдерін арнап, эстафетаға өз үлестерін қосты.


Конкурс нәтижесі бойынша Математика, физика және информатика факультетінің 1 курс студенті Таңат Талғатұлы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Болат Ахмет, Жаратылыстану және география факультетінің 1 курс студенті Диана Қадыржан және Математика, физика және информатика факультетінің 2 курс студенті Әсел Құрбанбай жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға Абай университетінің имидждік өнімдері табысталды.


Айта кетейік, биыл ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толып отыр. Оның туған күні (1845 жылғы 10 тамыз) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысымен Қазақстанда ресми түрде мереке болып жарияланды.

 

  alt=  

 

  alt=