Главная /
Объявления
25.03.2021 Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының 12-ші вебинары өтеді Арнайы және инклюзивті білім берудің тиімді шетелдік және отандық тәжірибесін ғылыми-әдістемелік қолдау және тарату мақсатында Қазақстан Республикасының ЖОО үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультациялық орталығында Инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы жұмыс істейді. Осы зертхананың негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысатын мамандарға, ата-аналарға және барлық мүдделі тұлғаларға арналған ақысыз веб-семинарлар ай сайын өткізіліп тұрады.
2021 жылы 26 наурызда сағат 16.00-де ZOOM арқылы виртуалды зертхананың он екінші вебинарын «Украинада инклюзивті білім беру формасын енгізу және дамыту» тақырыбында өткізу жоспарлануда.
Спикер Владимир Шевченко, педагогика ғылымдарының кандидаты, Украинаның Ұлттық Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, Николай Ярмаченко атындағы арнайы педагогика және психология институты, Мүгедек балаларға білім беру бөлімінің аға ғылыми қызметкері. Вебинардың ұйымдастырушысы және модераторы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Мовкебаев З.А.
Вебинар сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/82048591124?pwd=ZHgzSUIvRG5mNHJqeDNZa2h3elQvQT09
Конференцияның идентификаторы: 820 4859 1124
Пароль: 648850
Барлық мүдделі тараптарды осы вебинарларға спикер және тыңдаушы ретінде қатысуға шақырамыз!
|