қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.08.2024

Абай университетінің оқытушылары «Мен және тұрақты өмір салты» халықаралық марафон курсынан өтеді


2024 жылдың 21 тамызынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы жүзеге асыратын «Мен және тұрақты өмір салты» курс-марафонына қатысады. Аталған курсты ҚазҰПУ қабырғасында ЮНЕСКО-ның педагогика және мұғалімдерді оқыту кафедрасы әрекеттер арқылы білім алуға және мінез-құлықты өзгертуге ықпал ететін онлайн оқыту платформасымен жүзеге асыруда. Интерактивті курс қатысушыларды алты апталық саяхатқа жібереді, онда апта сайынғы қызықты тапсырмалар арқылы оқытушылар мен студенттер экологиялық тұрақтылық, жүйелік өзгерістер және олардың өмір салтының тамақтану, өмір сүру, көлік, тұтыну және демалыс салаларына әсері тақырыптарымен жақынырақ танысады. Оқудан өткендерге халықаралық сертификаттар беріледі.

 

  alt=