қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
25.03.2021

«Академиялық жазылым және оның ерекшелігі» халықаралық семинары өтеді

 

Латын әліпбиіне көшу аясындағы ғылыми жұмыстарды сауатты жазуды қамтамасыз ету және академиялық мәтін құрылымымен таныстыру мақсатында  2021 жылдың 29 наурыз күні сағат 16.00-де «Латын» ғылыми-практикалық орталығы жанындағы «Тілтұмар» бірлестігінің ұйымдастыруымен  халықаралық деңгейдегі  «Академиялық  жазылым және оның ерекшелігі»  онлайн-семинар өткізіледі.

 

Онлайн-семинар барысында Шотландиядағы  Абердин университетінің  PhD докторанты Гүлшат Түсіп, Англиядағы Рединг университеті, Хенли Бизнес мектебінің PhD докторанты Наталья Радько, Англиядағы Уорик университетінің PhD докторанты Мұхтарова Анар, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің PhD докторы Бекарыс Нұриман және Абай атынадғы ҚазҰПУ түлегі, ф.ғ.к. Еділбай Оспан баяндама жасайды.

 

Сонымен қатар, ф.ғ.к.  Еділбай Оспанның «Академиялық жазылым негіздері» оқу құралының тұсау кесері өткізіледі.

 

Конференция идентификаторы: 782 570 9441

 

Конференцияға кіру коды:  70QQvQ

 

Конференция сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/7825709441?pwd=YUVGUGZmTEl4OWFjVncxaEFPeCtrZz09