қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.08.2024

«Өз құқығыңды біл» студенттік акциясы ұйымдастырылды


30 тамыз - Конституция күніне орай, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің бастамасымен «Өз құқығыңды біл» бағдаршам акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізі мақсаты - бірінші курсқа келген студенттердің құқықтық мәдениеті мен саяси сауатын көтеру, атаулы мерекенің маңыздылығы мен тарихын насихаттау.


Акция барысында сөз алған университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов жас талапкерлерге университеттің оқу процесі, жатақханада жүріп-тұру тәртібін баяндап, қоғамдық ортада қарым-қатынас орнату үшін қажетті құқықтық-әкімшілік кеңестер берді.


Сондай-ақ, Тарих және құқық факультетінің профессор оқытушылар құрамы арнайы дәрістер оқып, өзара сұрақ-жауаптар эстафетасын өткізді. Жастардың құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі талқылап, жан-жақты консультациялар берілді. Акция қалалық «Қош келдің, студент!» челленджі аясында өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=