қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
03.09.2024

Малайзия және Қырғыз Республикаларының Елшілеріне Тәуелсіздік күніне орай құттықтау хаттар жолданды


2024 жылдың 31 тамызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Малайзия және Қырғызстан Республикаларының Қазақстандағы Елшілеріне Тәуелсіздік күндерімен құттықтау хаттарын жолдады.


Хатта «Малайзия, Қырғызстан және Қазақстан арасындағы тату қарым-қатынас - ынтымақтастық пен достықтың үлгісі болып табылады. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан алып мемлекеттер ретінде бір-бірімізді қолдаймыз, экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына атсалысамыз және гуманитарлық ғылымдар саласында белсенді әрі тату қарым-қатынастамызды одан әрі дамытамыз. Біз Тәуелсіз еліміз бен олардың оқу орындары арасындағы тығыз байланыстар мен тату достықты мақтан тұтамыз. Мысалы, 2023 жылы біздің университет пен INTI халықаралық университеті (Малайзия) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Бұл - біздің бірлескен ғылыми күш-жігеріміздің бастамасы ғана екенін көрсетеді»,-делінген.


Сонымен қатар, Абай университетінің басшысы 1 қыркүйек күні Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, аталмыш елдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісіне құттықтау жолдады.


Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Болат Тілеп Абай университеті мен Өзбекстан арасындағы екіжақты және көпжақты деңгейде диалог құра отырып, өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін мәлімдеді. «Қазіргі уақытта университетте Өзбекстан елінен келген 100-ден астам студент білім алуда. Бұл - біздің халқымыздың және жалпы өңірдің әл-ауқатына оң септігін тигізетіне сенімдімін. Біз өзара қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуға ұмтыламыз»,-деді ректор.

 

  alt=