Главная
Новости
04.09.2024 «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм»: Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Жолдауды Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері бірігіп тыңдады. Жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдары оқытушылар мен студенттер тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болып табылады. Еліміздегі саяси жаңғыру - енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. «Азамат - бизнес - мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз,-деген ұстаным елдің арман, мақсаттарының бастауы деп білеміз. Президентіміз 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Білім беру саласының қызметкерлері де Президентіміздің бастауларын қолдайды.
Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы туралы білімді тереңдету - жас ұрпақтың бойында азаматтық борышын сезіну сезімдерін қалыптастырады. Студенттер Жолдауға қатысты өз қызығушылықтарын білдіріп, жиын соңында өздерін ойландырған сауалдарға жауап алды.
|