қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
06.09.2024

 

Абай университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша кездесу өтті: студенттердің құқықтық сауаттылығын нығайту

 

                

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға университеттің жеті факультетінен 300-ге жуық студент қатысты. Кездесудің мақсаты - студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

 

Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов студенттерге сыбайлас жемқорлық түсінігі мен түрлері, оның шығу тарихы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептерін түсіндірді. Ол құқықтық сауаттылық саласындағы озық тәжірибелермен таныстырып, ашықтық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелеріне, әсіресе, білім беру және педагогикалық қызмет аясындағы туындайтын мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ шетелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәжірибесінің нақты мысалдары келтіріліп, елімізде атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

 

Кездесу нәтижелі өтті және студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың маңыздылығы және олардың білім беру ортасында қолданылуы туралы нақты түсінік берді.

 

06.09.2024

Ақпарат көзі: bilim.expert