Главная /
СМИ о нас
13.09.2024
АЭС құрылысы бойынша Халықтық штаб мүшелері Абай университетінің ұжымымен кездесті
Бүгін, 2024 жылдың 12 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша қалалық Халықтық штаб өкілдері университет ұжымымен кездесті. Мақсаты - Қазақстандағы атом электр станция құрылысының жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Болат Тілеп сөз кезегінде ел болашағы үшін атом электр станциясын салудың стратегиялық маңыздылығын, экологиялық қауіпсіздігін және экономикалық тиімділігін атап өтті. Ол бұл мәселе қоғам арасында, ғылыми және зиялы ортада кеңінен талқылауды қажет ететінін атап өтті. Сондай-ақ АЭС құрылысы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға, ғылыми зерттеулерді дамытуға, экономиканың түрлі секторларында жаңа технологияларды енгізуге ықпал ететіні айтылды.
«Қазақстан саяси тәуелсіз мемлекет болғанымен, экономикалық тұрақтылықты сақтау, экологиялық қауіпсіздік пен энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету еліміздің тұрақты дамуының негізгі факторлары болып қала береді», - деді Болат Тілеп.
Іс-шара соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.
13.09.2024 Ақпарат көзі: qazaqadebieti.kz |